ХІ Еуразиялық олимпиада. Турлыбеков Олжас ІІІ орын » №24 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№24 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3787813
Есепші бөлімі:
+7(727) 3788230
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ХІ Еуразиялық олимпиада. Турлыбеков Олжас ІІІ орын
03
декабрь
2019

ХІ Еуразиялық олимпиада. Турлыбеков Олжас ІІІ орын

Информатика пәнінен ХІ Еуразиялық олимпиаданы (ШЫҰ елдері арасында) өткізу туралы қорытынды ақпарат
ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 11 қарашадағы №487 бұйрығын орындау мақсатында "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы Алматы қаласында Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің базасында 2019 жылдың 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында информатика пәнінен оқушылардың ХІ Еуразиялық олимпиадасын өткізді.

Аталмыш олимпиада Санкт-Петербург ұлттық ақпараттық технологиялар, механика және оптика зерттеу университетімен бірлесе отырып, есептеу ғылымдары мен ақпараттық технологиялар саласындағы дарынды жастарды анықтау, ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру және оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісім-шарт негізінде өтті.

Жыл сайын Олимпиада екі турда өткізіледі: іріктеу және қорытынды. Оған құрамында 3 оқушы мен 1 жетекшіден тұратын командалар қатысуда.

Іріктеу интернет-туры 27 қазанда аяқталды, турдың ұзақтығы 5 сағатты құрады. Командалар аккредиттелген мұғалімнің бақылауымен қатысты. Оның ішінде 56 команда 4-тен 10-ға дейін тапсырманы шешті.

Ағымдағы жылы олимпиаданың қорытынды кезеңіне Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан 168 оқушы, 56 команда қатысты.

#ТурлыбековОлжас
#ІІІ орын
#ХІ Еуразиялық олимпиада