СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ! » №24 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№24 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3787813
Есепші бөлімі:
+7(727) 3788230
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!
03
июнь
2020

СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!

Құрметті мектеп бітіруші түлектер, ұстаздар, ата-аналар!

Сіздерді түлектеріміздің кәмелеттік жасқа жетіп, үлкен өмірге қадам басар бүгінгі мерекелік күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Бүгінгі күн – жүректердің толқитын, ыстық сезімге бөленетін, жақындарымыздың жылы лебіздеріне көңіл тойдыратын, алыс армандарға жетелейтін ерекше күн.

Осы жиылған топтың ішінде бәрімізден де ерекше толқып тұрған бір топ бар – ол біздің мектеп бітіруші түлектеріміз.

Біздің биылғы түлектеріміз есейіп, бой жетіп өмір айдынына қадам басар сәтте пандемия кезеңі тап келсе де, аяулы шәкірттеріміз мойымады. Болашақта кездесер түрлі жағдайлардың алғашқысын мектеп бітірмей жатып кездестірсе де, өмірде керекті қиындыққа мойымау, өзгеру, даму сияқты дағдыларды түйсіне бастады.

Біздің өмір сүріп жатқан ғасырымыз – аса ірі ауқымдағы ірі жаңалықтарға толы технологиялар мен ашылулардың ғасыры. Осындай жаһандану дәуірінде қолына кәмелеттік аттестат алғалы отырған түлектерге артылар жүк те жеңіл болмайтыны түсінікті. 

Үздіксіз даму, өзгеру, үнемі өзіңді жетілдіріп отыруға күш салу – бүгінгі күннің ең керекті дағдылары. Біздің биылғы түлектеріміздің бойында осындай жарқын қасиеттердің молынан табылатынына мен сенімдімін. 

Ол дағдылар сіздерді алысқа құлаш ұрған арман биіктеріңізге жеткізе берсін деген тілегімді білдіргім келеді.  

Шәкіртінің бойына Абай атамыз айтқандай, «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» сынды қасиеттерді сіңірген ұстаздар қауымының да еңбегі өлшеусіз. Біз осындай ұстаздарымызбен әрдайым мақтанамыз.  

Білім адамның өмір сүруі үшін керек, ал өз бетіңмен талмай, шаршамай үздіксіз білім игеру сізді міндетті түрде табысқа жеткізеді. 

Табысты болу – демек әрдайым даму, өмірімізді, күнделікті істерімізді, жұмысымызды және айналамен қарым-қатынасымызды жетілдіру.

Құрметті түлектер!

Сіздердің алдарыңызда жарқын болашақ пен үздіксіз дамуға мүмкіндік беретін өмір айдыны жатыр. Сол жолда сіздердің биіктерден көрініп, ата-ананың да, мектебіміздің де, қоғамымыздың да мақтанышы болатындарыңыз баршамызды қуантады. Осы жолда қажымай, талмай биік шыңдарды бағындыра берулеріңе шын жүректен тілектестігімді білдіремін. 

Ел мен жердің киесін сақтайтын, ұлттық құндылықтарымызды қадірлейтін біздің бүгінгі түлеп ұшқалы отырған шәкірттеріміздің бойына керекті қасиеттерді қалыптастыруға ата-ана – ұстаз – мектеп бірлігі көп еңбек сіңірді. Сондықтан ата-аналар мен ұстаздар қауымы әрдайым бірлікте жұмыс атқара берері сөзсіз. 

Тағы да бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге ақ жол тілеймін.

Баршаңызға бүгінгі мереке құтты болсын!