«Адал ұрпақ» еріктілер клубына онлайн режимде салтанатты түрде қабылдау » №24 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№24 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3787813
Есепші бөлімі:
+7(727) 3788230
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Адал ұрпақ» еріктілер клубына онлайн режимде салтанатты түрде қабылдау
09
октябрь
2020

«Адал ұрпақ» еріктілер клубына онлайн режимде салтанатты түрде қабылдау

Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы 5-11 сынып оқушылары арасынан 15 оқушыдан тұратын «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жетекшісі Ж.Е.Арипбаева оқушыларды отансүйгіштікке, азаматтылыққа, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметті, адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, еңбексүйгіштікке, оқуға, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу мақсатында клуб мүшелерінің ұйытқы болуымен «Парасатты азамат» бұрышы жасалып, онда құнды ақпараттар жинақталды. Оқушылардың назарына адал еңбек ету керектігі, еңбек түбі-береке екені айтылып өтті. «Жемқорлық дегеніміз не?», «Жемқорлықтың қалай алдын алуға болады» сынды тақырыптарда әңгіме қозғады. Әр оқушы өз ойларын еркін жеткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендерін білдірді.