«Түнгі қаладағы балалар» рейді » №24 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№24 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3787813
Есепші бөлімі:
+7(727) 3788230
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Түнгі қаладағы балалар» рейді
04
ноябрь
2020

«Түнгі қаладағы балалар» рейді

2019 жылдың 05 шілде мен 30 қыркүйек аралығында дәлелсіз себептер бойынша мектепке бармай жүрген балаларды анықтау мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» (қоғамдық орындар, компьютерлік клубтар) рейді ұйымдастырылды.
Рейдтің мақсаты: 
1.    КТЖ есепте және «қатер тобындағы» оқушыларды бақылауға ала отырып, құқықбұзушылықтың алдын алу; 
2.    Жасөспірімдердің әлеуметтік, құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету;
3.    Кешкі уақыттарда ата-анасының бақылауынсыз жүруін және түңгі ойын-сауық ойындары мен компьютерлік клубтарға бармауына қатаң бақылау жасау;
4.    Оқушылардың сабақтан қайтқан уақытында құқықбұзушылыққа бармауын бақылау.Рейдке мектепішілік бұйрық  шығарылып, кезекшілік кестесі құрылды.     
Лицей учаскесіне тиесілі көшелер: 
1.    Гоголь көшесінің бойы, Қожамқұлов пен Мирзоян көшелерінің қиылысы;
2.    Қожамқұлов көшесінің бойымен Мақатаев көшесі 
3.    Мақатаев көшесінің бойымен Байзақов көшесіне дейін. Сонымен қатар, мектеп учаскесіне тиісті емес лицей ауласына жақын, адам көп шоғырланатын: «Береке» базары; Әйтеке би көшесі мен Шәріпов көшелерінің аралығы. 
Рейд  кешкі сағат 21:00-ден түңгі  сағат 00:00-ге дейін жүргізілді. Рейд жүргізу барысында көшелер мен түңгі ойын-сауық клубтарында ешқандай құқықбұзушылық оқиғалары анықталған жоқ.  
Рейд барысында мектепке қарасты ықшам аудандағы барлық үйлердің жертөлелері, көлік жуатын орындар, техникалық жөндеу орталықтары, ойын-сауық орталықтары, көше бойындағы бос тұрған гараждар, оқушылар оқшауланатын барлық  жерлер қамтылды. Аталған жерлерде ешқандай қараусыз және қадалағаусыз жүрген балалар, сабақ уақытында бос жүрген оқушылар, әкімшілік-қылмыстық құқықбұзушылықтар болған жоқ. Лицейде бірлесе азық-түлік сататын дүкендер, жеміс-жидек сататын орындарға барып сатушыларға сабақ уақытында оқушылардың жұмыс жасамау керектігі туралы айтылып, әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 163-4, 114 баптарымен таныстырылды