Оқуға құштар мектеп / Читающая школа » №24 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№24 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3787813
Есепші бөлімі:
+7(727) 3788230
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқуға құштар мектеп / Читающая школа
15
февраль
2021

Оқуға құштар мектеп / Читающая школа

«Менің атым Қожа» повесін талдау пікір-сайыс сабағы

5 «А» сыныбы
Пән мұғалімі: Н.А.Шиналиев

МАҚСАТЫ: Өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту. Ойлау қабілеттерін, өз ойын көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту. Елжандылыққа тәрбиелеу.

«Кітап-ой –сананың қозғаушы күші» дегендей, кітапты насихаттаудың түрлі әдістерін пайдаланып, оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру бағытында пікір – сайыс сабағы ұйымдастырылды. Соның бірі балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған «Менің атым Қожа» атты пікір-сайыс сабағы. Оқушыларға белгілі уақыт аралығында «Менің атым Қожа» повесін оқып келу тапсырылған болатын. Сол оқығандарын ортаға салды.
Балаларға арнап шығарма жазу, сол арқылы кішкентай оқырманның құрметіне бөлену, жүрегіне жол табу үлкен таланттылықты қажет етеді. Солардың ішіндегі шоқтығы биік, бірегей таланттардың бірі - Бердібек Соқпақбаев екені айтылды. Оның шығармаларын оқыған кез келген бала оның өмірбаянымен танысып шықты. Себебі, жазушының балалық шағына деген сағынышын өз шығармаларында арқау еткен. Сабақ барысында «Жазушы келбеті» айдары бойынша Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасап өтті.