«Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалының XXVI есеп беру-сайлау конференциясы » №24 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№24 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3787813
Есепші бөлімі:
+7(727) 3788230
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалының XXVI есеп беру-сайлау конференциясы
30
апрель
2021

«Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалының XXVI есеп беру-сайлау конференциясы

Бүгін онлайн форматта, ZOOM платформасында «Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалының XXVI есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Конференцияға 100 делегат қатысты.
Күн тәртібі бойынша келесі мәселелер қаралды:
1. «Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалының төрағасын сайлау;
2. Партияның Алмалы аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарған жұмысы;
3. Партияның Алмалы аудандық филиалы Саяси кеңесі мүшелерін сайлау;
4. Партияның Алматы қалалық филиалының XХVІI есеп беру-сайлау конференциясына делегаттарды сайлау.
Күн тәртібінің бірінші сұрағы бойынша, Алмалы ауданының бұрынғы әкімі Торғаев Беккали Нұрғалиұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып жұмыс орнын ауыстыруына байланысты, Алмалы ауданының әкімі ретінде Құсаинов Серік Досымханұлы тағайындалған болатын. Сәйкесінше, «Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалының төрағасы болып бірауыздан Алмалы ауданының әкімі С.Құсаинов сайланды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалының Саяси кеңес мүшесі 2019-2020 жылдары атқарған жұмысы туралы есеп берді. Есеп беру кезеңіндегі баяндама қанағаттанарлық деп танылды.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша партияның аудандық филиалының Саяси Кеңесінің жаңа мүшелері мен бюросы сайланды. Бюро мен Саяси кеңесінің құрамын қалыптастыру кезінде, әйелдердің кемінде 30%-дан және 35 жасқа дейінгі жастардың 20%-дан кем болмау критерийлер ескерілді.
Төртінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының XXVII конференциясына 23 делегат сайланды. Барлық қатысушылар бірауыздан дауыс берді.
Конференция соңында «Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалының төрағасы, Алмалы ауданының әкімі Саяси Кеңес мүшелеріне және бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына алға қойылған жоспарлармен таныстырып, біршама тапсырмалар берді.

@nur_otan_almaty
@meirzhan_otynshiyev