2020-2021 оқу жылының аяқталуымен » №24 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№24 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3787813
Есепші бөлімі:
+7(727) 3788230
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен
25
май
2021

2020-2021 оқу жылының аяқталуымен

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!

Өздеріңіз білетіндей, биылғы оқу жылы ерекше форматта аяқталғалы отыр.
Әлемде және елімізде қалыптасып отырған ахуал өткен оқу жылында баршамыздан ерекше ықтияттылық пен төзімділікті талап етті.
Мектебіміздегі оқушыларымыздың мүмкіндіктерін жан-жақты ескеріп, барынша жағдай жасауға тырыстық. Иә, өмірде түрліше жағдай болатыны түсінікті. Сондықтан бәріңізге осындай сынақ кезеңінде түсіністік пен ыждаһаттылық, ізденіс пен сабырлылық танытқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін.

Біздің өмір сүріп жатқан ғасырымыз – аса ірі ауқымдағы ірі жаңалықтарға толы технологиялар мен ашылулардың ғасыры. Осындай жаһандану дәуірінде қолына кәмелеттік аттестат алғалы отырған түлектерге артылар жүк те жеңіл болмайтыны түсінікті.
Үздіксіз даму, өзгеру, үнемі өзіңді жетілдіріп отыруға күш салу – бүгінгі күннің ең керекті дағдылары. Біздің биылғы түлектеріміз бен оқушылардың бойында осындай жарқын қасиеттердің молынан табылатынына мен сенімдімін.
Ол дағдылар сіздерді алысқа құлаш ұрған арман биіктеріңізге жеткізе берсін деген тілегімді білдіргім келеді.
Шәкіртінің бойына Абай атамыз айтқандай, «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» сынды қасиеттерді сіңірген ұстаздар қауымының да еңбегі өлшеусіз. Біз осындай ұстаздарымызбен әрдайым мақтанамыз.
Білім адамның өмір сүруі үшін керек, ал өз бетіңмен талмай, шаршамай үздіксіз білім игеру сізді міндетті түрде табысқа жеткізеді.
Сіздерді оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын!
Ізгі ниетпен:
«№24 лицей» КММ директоры: Тұңғышбаева Гүлназ Облбекқызы