"Отбасы кітапханасы" көрмесі » №24 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№24 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3787813
Есепші бөлімі:
+7(727) 3788230
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Отбасы кітапханасы" көрмесі
30
апрель
2022

"Отбасы кітапханасы" көрмесі

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында лицейдің үздік оқушылары "Отбасы кітапханасы" көрмесімен бөлісуде.

Бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет.

📚Оқушының әдеби салада қандай құзыреті болуы керек?

1. Жалпы мәдени-әдеби құзыреттілік - ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде әдебиетті қабылдау.
2. Әлемдік құндылықтар құзыреттілігі - әдебиетте бейнеленген осы құндылықтарға деген көзқарастарын анықтау және нақтылау мүмкіндігі құндылықтарды түсіну.
3. Оқырман құзыреттілігі - шығармашылық, «автор-оқырман» диалогына қосыла білуі, кейіпкерлермен толғана білу, көркем туындысының тіл ерекшеліктерін түсіну.
4. Сөйлеу құзіреттілігі - қазақ әдеби тілінің нормаларын білу; сөйлеу қызметінің негізгі түрлерін меңгеру.
5. Әртүрлі жанрда әдеби шығармашылық жұмыстар жаза білу қабілеті.

Лицейіміздің жас мобилографы 7 "А" сынып оқушысы Сағиев Бекнұр Бейбітұлы