1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. » №24 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№24 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3787813
Есепші бөлімі:
+7(727) 3788230
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады.
01
сентябрь
2022

1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады.

1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады.

Мемлекет басшысы өз сөзінде елімізде адами капиталды дамыту қажеттігіне, соның ішінде білім беру саласын нығайтуға үнемі назар аударып келеді.

Мәселен, Президент Жолдауын іске асыру аясында жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық пәндік олимпиадалардың, шығармашылық конкурстар мен спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қолдауға бағытталған заңнамалық өзгерістер енгізілді. Енді олар конкурсқа қатыспай-ақ, жоғары оқу орнына түсу үшін грант ала алады (жыл сайын 16 негізгі бағыт бойынша 80 жүлдегер).

Сонымен қатар халықаралық пәндік олимпиадалар жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ оларды дайындаған педагогтарға енді біржолғы ақшалай сыйақы төленеді. Мысалы, алтын медаль иегері 1 500 АЕК (шамамен 4,5 млн теңге) мөлшерінде, ал оны дайындаған педагог базалық лауазымдық жалақының 26,5 еселенген мөлшерінде төлем алады.

Сонымен қатар 2025 жылдың соңына дейін кемінде 1 000 жаңа мектеп салу жұмыстары басталды, бұл апаттық және үш ауысыммен оқытатын мектептерді жоюға, сондай-ақ жалпы оқушы орындарының жетіспеушілігін жоюға көмектеседі.

Мәселен, өткен жылы 163 мың балаға арналған 277 мектеп салынды, ал 2022 жылы тағы 225 мектепті іске қосу жоспарланған, оның ішінде 22,2 мың оқушыға арналған 49 мектеп салынды.