1-қыркүйек білім күні. » №24 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№24 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3787813
Есепші бөлімі:
+7(727) 3788230
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-қыркүйек білім күні.
01
сентябрь
2020

1-қыркүйек білім күні.

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!
Өздеріңіз білетіндей, биылғы оқу жылы ерекше форматта басталғалы отыр.
Әлемде және елімізде қалыптасып отырған ахуал жаңа оқу жылында баршамыздан ерекше ықтияттылық пен төзімділікті талап етеді.
Осындай күрделі кезеңде Алматы қаласы әкімдігі мен Білім басқармасы білім алушыларымыздың қашықтан білім алу мүмкіндіктеріне бейжай қарап отырған жоқ.
Мектебіміздегі оқушыларымыздың мүмкіндіктері жан-жақты ескеріліп, барынша жағдай жасауға тырысып жатыр. Қоғам мүшелерінің әлеуметтік жағдайы біркелкі болмайтыны түсінікті.
Сондықтан қала әкімдігі мен Білім басқармасы мүмкіндігі аз оқушылар бен отбасыларын планшет, ноутбук, компьютерлермен қамтамасыз етіп, қашықтан білім алудың сапалы өтуіне көмектесуде.
Иә, өмірде түрліше жағдай болатыны түсінікті. Сондықтан бәрімізге осындай сынақ кезеңінде түсіністік пен ыждаһаттылық, ізденіс пен сабырлылықты сақтауға тура келеді.
Әйтсе де, біз үшін де, қоғамымыз үшін де ең бастысы – балалардың жарқын күлкісі мен дендерінің саулығы. Осы сынақ кезеңі тезірек аяқталып, ұстазы мен оқушылардың мектеп қабырғасында қауышуына бәріміз өз үлесімізді қосқанымыз жөн болар.

Аяулы біздің бесінші сыныпқа келген оқушылар!
Біздің ұстаздар сендердің терең білім алып, дүние сырын ұғынуға басталғалы отырған қадамдарыңа барын салатынына сендіргім келеді. Дендерің сау болып, мықты күш-жігермен әлі-ақ мектеп қабырғасындағы шат-шадыман көңілмен кездесетін күндерді біз де асыға күтеміз.
Мектеп бітіруші түлектерімізге де биылғы оқу жылы үлкен күш салатыны белгілі. Бүгіннен бастап өздерің қалаған мамандық иесі болу үшін жан-жақты ізденіс пен тыңғылықты дайындық керек болады.
Біздің ұстаздарымыз бен ата-аналар бірлесе жұмыс жасап, қашықтан болса да, терең білім иесі мен тәрбиелі шәкірт даярлау жолында аянып қалмайды.
Мүмкіндіктің бәрін тиянақты пайдаланып, еңсемізді тік ұстап, үнемі ізденісте болу бізді биік шыңдарға шығарады. Сондықтан басталғалы отырған жаңа оқу жылы баршамызға құтты болсын дейміз. Осы жолда еңсемізді түсірмей, денсаулық жолында барлық сақтық шаралары мен талаптарын толық орындсақ, бұл қиындықты да еңсереміз.
Еліміз аман, балаларымыздың дені сау болса, бізге одан асқан бақыт жоқ.