«Алматы спорт» әлеуметтік жобасы » №24 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№24 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3787813
Есепші бөлімі:
+7(727) 3788230
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алматы спорт» әлеуметтік жобасы
15
декабрь
2019

«Алматы спорт» әлеуметтік жобасы

Алматыда қысқы маусымның басты трендінің бірі – тау шаңғысымен сырғанау. Шаңғымен сырғанау – адамның жалпы физикалық дамуына жағымды әсер ететін белсенді спорт түрі.

Алматы қаласының әкімдігі және «Алматы спорты» әлеуметтік жобасымен бірлесіп 10 жастан 12 жасқа дейінгі балаларды тау шаңғысы спортынан сырғанау негіздерін тегін үйрету бағдарламасы жүргізілді. Бірінші кезекте көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға басымдылық беріліп, лицейден 12 оқушы қатысты

Әлеуметтік бағдарлама аясында білікті нұсқаушылар қалай дұрыс, ең бастысы, қарлы беткейлерде қауіпсіз сырғанауды үйретті. Жаттығу 2019 жылғы 18 қарашадан 13 желтоқсанға дейін. «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында, екі ауысымда жүргізілді Бір балаға 60 минуттан 4 сабақ қарастырылған. Қажетті жабдықтар тегін берілді.

Бағдарламаға кіру үшін ата-аналар almatysporty.kz сайтына тіркеліп, Бөгенбай батыр көшесі, 66 мекен-жайынан толық, қосымша  ақпараттар алды