Біздің ЕЛБАСЫ! » №24 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№24 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3787813
Есепші бөлімі:
+7(727) 3788230
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Біздің ЕЛБАСЫ!
06
июль
2020

Біздің ЕЛБАСЫ!

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
Арқа сүйеп ақыл-ойдың шыңына,
аңсағаны – ұлтқа шуақ, шұғыла.
Әрбір күні – адамзаттың қамы үшін,
әрбір түнде қамығатын мұңына.

Арқалаумен ауыр жүгін алыптың,
арманы еді жарқын әлем, жарық күн.
Айбынды ұлы ардақты әке Әбіштің –
адастырмас Көшбасшысы халықтың.