Барлық ұстаздар қауымын төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/ » №24 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№24 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3787813
Есепші бөлімі:
+7(727) 3788230
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Барлық ұстаздар қауымын төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/
01
октябрь
2020

Барлық ұстаздар қауымын төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

Құрметті ұстаздар, әріптестер! 

Сіздерді төл мерекеміз ұстаздар күнімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, бақ пен береке тілеймін! «Оқушыға ұстаз болу – ірілік,  мұғалімге ұстаз болу – ұлылық» демей ме дана қазағымыз. Жас мамандарға бағдар беріп, мектебіміздің дамуына үлкен септігін тигізген тәжірибелі аға буын ұстаздарының еңбегі ерен. Сіздердің тәжірибелеріңіз бен өнегелеріңіз бізге әрқашан да үлгі. Осы жолды таңдап, жалыны мен жаңашыл ойларымен ерекшеленетін жас ұстаздарымыз білім саласындағы биік белестерді бағындыра берсін деп тілек тілеймін. «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады» деп дана Абай айтпақшы, ұлт болашағын тәрбиелеген ұлы қызмет иелерін, сіздерді тағы да ұстаздар мерекесімен құттықтаймын! 

Құрметпен, 24 лицей директоры, Алматы қаласы «Жыл мұғалімі – 2008» байқауы бас жүлдесінің иегері, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері 
Тұңғышьаева Гүлназ Облбекқызы