Біздің лицейдегі Робототехника клубы » №24 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№24 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3787813
Есепші бөлімі:
+7(727) 3788230
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Біздің лицейдегі Робототехника клубы
11
май
2021

Біздің лицейдегі Робототехника клубы

Біздің лицейдегі Робототехника клубы
Бүгінде «ақылды» ойыншық көліктер өмірімізге дендеп ене бастады. Сан салада медицинадан бастап космонавтикаға дейін адамдар роботтардың көмегіне жүгінеді. Төбеде қалықтап жүріп, мерекелік шараларды бейнеге түсіретін робот-дрондарға, күрделі механизмдерді көз ілеспес жылдамдықпен және асқан дәлдікпен құрастыратын робот-қолдарға көз үйрене бастады. Оны айтасыз, сарапшылар алдағы 20 жылда адам істейтін жұмыстың тең жарымын роботтар атқаруы мүмкін деп отыр. Қысқасы, біздің заманымыз – робототехника заманы десек артық болмас. Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде робототехника ғылымы кең қолданыс тауып отыр.