Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары » №24 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№24 лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
)Қабылдау бөлімі :
+7(727) 3787813
Есепші бөлімі:
+7(727) 3788230
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары
11
май
2021

Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары

Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, төмендегі ережелерді орындаған жөн:

Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары

📌Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
📌Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
📌Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.
📌Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
📌Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
📌Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз.
📌Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.